
Оқиға 31.08.2024 ж. сағат 14:00 шамасында 103 маршрутта (KZ864AH17) “Көкжайлау” остановкасынан орын алды. Қолымда 3 жасар баламды жетектеп түсіп жатқанымда автобус жүріп кетпек болды. Автобус аялдамада 20 секунд та тоқтаған жоқ. Жүргізушіге, “баламмен түсіп жатқанымды көріп тұрсыз ғой, тоқтап тұрсаңыз болмай ма, неге жүріп кетесіз” десем, өзіме “ертерек қимылдамайсың ба” деп дауыс көтерді. Мен мүлдем кідірген жоқпын, алдымда қаншама адам түсті, мен оларды итеріп түсуім керекпеді? Или ұшып түсуім керек па? Одан қалса бірнеше остановкаға тоқтамай, қаншама күтіп тұрған адамдарды қалдырып кетті. Арғынбекова көшесіне келгенде, бүкіл пассажирлерді үнемі бір автобустан түсіріп екіншісіне ауыстырады. Бір 103 күтіп тұрады, екіншісі келгесін аусытырып алып екеуі бірдей жүреді, түсініксіз. Ал оларды қанша адам сағаттап күтіп отырады мысалы. Уақытымен жүру деген жоқ, маршруттар арасында интервал 1 сағатқа созылады кейде. Жүргізуші өте жауапсыз, дөрекі, неадекватный адам екен! Егер жүргізушіге шара көрмесеңіз, және жұмыстан шығару жайлы бұйрықты жібермесеңіздер, Шымкент қаласының жолаушы транстпорттарға жауапты мекемесіне компанияларыңызға қарсы шағымданамын!